14 шақырымды жаяу жүріп өтті

(0 Votes)

Тәуелсіз Қазақстанның батыс қақпасы саналатын киелі мекен күй өңірі – Құрманғазы ауданының 91 жылдығына орай Ломоносов орта мектебінің «Жас өлкетанушы» үйірмесінің оқушылары «Өнерлі өлке – киелі мекен» тақырбымен жаяу жорыққа шықты.

Жорықты ұйымдастырушы, аталған мектептің «Спорттық туризм» үйірмесінің жетекшісі Алтай Ғилаевтың айтуынша бұл шараның басты мақсаты жас ұрпақты өткен тарихымызбен, мақтаныш тұтар тұлғаларымызбен, тамылжығын табиғатымызбен таныстыру, олардың бойындағы елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілікті еселей түсу. Жаяу жорық барысында оқушылар 14 шақырым жерді жаяу жүріп өтті.

2-1

3

Жас туристер бекетінен басталған жорық Еңбекші ауылдық округіне дейін жалғасты. Оқушылар аудандық мешіттің алдына тоқтап, естелік суретке түсіп, қысқаша тарихымен танысты. Келесі кезекте «Қазмұнайгаз» жанармай құю бекетіне барды. Мұнда күні кеше ғана мерейтойын атап өткен қазақ мұнайының өндірісі жайлы сөз қозғалды. Одан әрі жорықшылар Еңбекші ауылдық округінің әкімшілік ғимаратын аралап, ауылдың тұрмыс-тіршілігі, тарихы жайлы мәліметтерден хабардар болды. Жұмекен атындағы саябақта болып, ақын ескерткішінің жанында суретке түсіп, толық өмірбаянын тыңдап, тағзым етті. Жаяу жорық барысында аудан тарихына қаныққан оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

4-1

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521