banerkzbig

12 тамызға арналған ауа райы болжамы

(0 Votes)

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 12 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Жекелеген аумақтарда жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, Қызылорда облысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, оның күші 23 м/с артуы ықтимал. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ, 15-22 м/с екпіндегі жел болжанады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні – 25 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с артады. Шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. Сондай-ақ күндіз Алматы, Жамбыл, Ақмола, кей жерлерде Қарағанды облыстарында қатты ыстық болжанады. Бұдан басқа, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, кей жерлерде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig