banerkzbig

10 жасар алматылық оқушы бірнеше жыл жинаған ақшасын арыстықтарға жіберді

(0 Votes)

Алматылық оқушы бірнеше жыл жинаған ақшасын арыстықтарға жіберді.

Осы арқылы қайырымдылық шарасына өз үлесін қосуды жөн көрген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Алдиар есімді 10 жасар алматылық бала бұл ақшаны екі жыл бойы жинапты. Әуел баста ойын приставкасын аламын деп жоспарлапты. Бірақ, Арыстағы оқиғадан соң ойын өзгерткен. Алдияр достарымен бірге тиын салғышты жарғанда ішінен 100 мың теңгеге жуық ақша шығыпты.

«Мен басында мүлде басқа зат алғым келген плей стейшнді. Бірақ одан кейін білдім, ойландым да қайырымдылық жасаған дұрыс болады деп шештім»,-дейді оқушы Алдиар Дәулетұлы. Алдиардың әкесі бұл пиар әдіс не мақтаныш емес деп кесіп айтты.

Баласы шешім қабылдаған соң бетін қақпай, бірден қолдапты. «Балам маған "Әкешім копилкадағы жиналған ақшаға қамқорлық жасасам", деді. Баланың ниеті солай болғаннан кейін қолдаймыз. Бұл бүкіл халықтың, барша Қазақстанның қайғысы ғой расында. Құдай бетін әрі қылсын мұндайдан», - дейді әкесі Дәулет Сатаев.

Төтенше жағдайды естіген оқушылар да қайырымды істен шет қалмақ емес. Бұл күнде «Жас Ұландық» жастар мектептерде штаб құрып, қатарластырының әкелген көмегін жинастырып жатыр.

BAQ.KZ Фото: дереккөз

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig