10 бригада жұмыс жасауда

(0 Votes)

Азғыр орта мектебінде спорт залы жоқ. Физика кабинетіне келген құралдар оған сыймайды. Ауыл тұрғындары Құрманғазы ауылы арқылы Астраханнан тамақ тасып қиындық көруде.

70 шақты үйі бар ауылда ауыл ішілік газ құбырын тарту жалғасуда. Онымен айналысып жатқан «КаСтрой» ЖШС. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша қазір 10 бригада жұмыс жасауда. Барлығына жеке учаскелер бөлініп берілген. Жұмыс күні бүгін 60 пайызға орындалған. Аудан басшысы газ құбыры жүргізілген жерлер жып-жылмағай етіп тегістеліп тасталмауы керектігін, ертең үстінен ауыр техника өтсе үзіп жіберетінін ескертті. Су тазарту имаратында болғанымызда аудандық мәслихаттың депутаты Мансұр Қуаншәлиев: – Мұнда су Қоянды су құбырынан келеді. Ұңғылардың 6-сы шекараны бөлгенде Ресейде қалды, 5-і бізде, - деді. Депутаттың айтуынша Қояндыдан жаңа ұңғы қазуға 12 млн. қаражат керек. Имараттың жылыту қазаны электр күшімен істейді, ол да газ тарту жобасына кірмеген. Аудан әкімі Қ.Нұртаев бұл стратегиялық маңызы бар нысан болғандықтан көгілдір отыннан шет қалмауы тиістігін ескертті.

342 оқушысы, 40 ұстазы бар Балқұдық орта мектебінің директоры Ғазиз Сәрсенов аудан басшысымен кездесуінде: – Одақ кезінде салынған біздің ғимаратта акт және спорт залдары жоқ. Ауданда, облыста өтетін түрлі шараларға бала таситын көлікпен көмектессеңіз. Айналамызда жасыл желек жайқалып тұрғанын көрдіңіз, соған су таситын көлік қажет. Жатақханамызға жөндеу жүргізіліп, мектебіміз интернетпен қамтылса дейміз, -деді. Мұндағы монша да газ тарту жобасына енбепті. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы мұның себебі істің басында құрылыстан хабары бар адамдардың жүрмегенінің кесірі екенін айтты. Мектеп ауласының сәнін бұзып тұрған ескі ғимараттарды жоюды Азғыр ауылдық округінің әкімі Тұрарбек Әліпбаевқа тапсырды.

1980 жылы салынған Балқұдық ауруханасына жеңіл жөндеу 2012 жылы жүргізіліпті. Мұнда есепте тұрған 1800 адамға медициналық көмек көрсетіледі. Аудан орталығынан келіп осында жұмыс жасап отырған білікті дәрігер Сара Мұқанәлиева өзіне қарасты Қоңыртерек медпункті жекеменшік үйдің бір бөлмесінде отырғанын айтып, құжатын жасақтауға көмек сұрады.

Сол күні аудан әкімі ауылдық клубта, балабақшада, су тазарту имаратында, Балқұдық шекарадан өткізу пунктінде болып, жағдайларымен танысып, шешімін күткен мәселелерінен хабардар болды. Клубта су жоқ, мұнда да су тазарту имараты газ тарту жобасына енбей қалған.

Толығырақ «Серпер» газетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521