banerkzbig

Атырауда 387 кәсіпкер қаржылық қолдауға ие болды

(0 Votes)

 Атырау облысында барлық мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында жыл басынан бері 387 кәсіпкерлік жоба қаржылық қолдау тапты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 3,761 млрд. теңге қаржы бөлінген. Осының нәтижесінде аймағымызда 618 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов айтты. 

- 2015 жылы кәсіпкерлікті қолдауға жергілікті бюджете 200 млн теңге көлемінде қаражат бөлінсе, биылдың өзінде 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Осыған орай, жыл сайын облысымызда мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларға қатысушылардың, соның ішінде ауылдық кәсіпкерлердің саны артуда, нәтижесінде бюджетке түсетін салық көлемі артып, жұмыс орындары ашылып, жаңа нысандар іске қосылуда, - дейді Айқын Елеусізов.

Сондай-ақ, биыл кепілдендіру түріндегі мемлекеттік қолдауға 86 жоба ие болып, 16 кәсіпкер грант ұтып алды. Сонымен бірге, 14 жас кәсіпкерге 27 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері өңірде 107,3 млрд теңге көлемінде 1 519 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде 6 446 жаңа жұмыс орны құрылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ашық  дереккөз

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig