banerkzbig

Атырау облысында Табылды Досымов пен Мұрат Мөңкеұлына еркерткіш орнатылды

(0 Votes)

 Қазақтың зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлымен бард ақын Табылды Досымовқа арналған  ескерткіш Индербор кентінде ашылды,  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мұрат бабаға арналып салынған ескерткіштің авторы ҚР суретшілер одағының мүшесі Құттыбек Жақып. Биіктігі 7 метр болатын ескеркіш таза қоладан құйылған.

tab2

Елінің тәуелсіздігін аңсап жыр толғаған майталман жыршы, термеші ретінде Мұрат Мөңкеұлы халық арасында танылған. Салтанатты  шараға қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов аймақ басшысы атынан бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады.

tab3

-Қазақтың зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлын танымайтын қазақ жоқ. Өзінің  рухқа толы өлеңдерімен халық жадында мәңгілікке сақталды. Бүгінгі біздердің міндетіміз - ұлы тұлғаларымызды ұлықтау.  Осы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек.  Бүгін Индербор кентінде Мұрат Мөңкеұлы мен Табылды Досымовқа арналған ескерткіш бой көтерді. Ашылғалы тұрған екі ескерткіш құтты болсын,-дейді Серік Шапкенов.

tab1

Сонымен қатар, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовқа арналған ескерткіштің де салтанатты ашылуы өтті. Сәулетті ескерткіштің ашылу салтанатына Табылдының замандастары, қоғам қайраткерлері қатысты.  Биіктігі 2 метр 60 см болатын ескерткіш таза қоладан құйылып жасалған. Сәулеттік өнер композициясы Табылды ақынның 45 жасында өтуін білдіретін 4,5 метрлік гранит тасқа өлеңдері жазылған. Сондай-ақ, Табылды мұрасының кейінгі ұрпаққа жалғасуын бейнелейтін граниттың ұшар басына құстар бейнеленген. Ескерткіштің авторы ҚР суретшілер одағының мүшесі Бақытбек Мухаметжанов.

tab

- "Мен қазақпын"- деп жаһанға жар сала жырлаған жалынды ақын өзінің кіндік қаны тамып, өмірінің соңғы күндерін өткізген туған топырағында бүгін сәулетті ескерткіш бой көтеріп отыр. Табылды қазақ жанында мәңгілік сақталады. Мұрат Мөңкеұлы азаттықты армандаса, Табылды биіктікті аңсады. Екі тұлғаның бүгінде арманы орындалды,- дейді ақын, Табылдының замандасы Светқали Нұржан.

Айта кетейік, қазақтың зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлы мен бард ақын Табылды Досымов Индер ауданында жерленген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig