Шахматтан турнир өтті

Спорт

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай ардагерлер арасындағы шахматтан аудандық жарыс өтті. Жарысқа Қиғаш, Ақкөл, Асан, Құрманғазы,Кудряшов, Еңбекші ауылдық округтерінен барлығы 20 ардагер қатысты.

Жарыс нәтижесінде ерлер (66 жас) және одан үлкендер арасында: Сұлтанов Қажеден (Қиғаш а/о) I орын, Мұхамеджанов Батырбек (Ақкөл а/о) II орын, Қайсағалиев Нұрбай (Асан а/о) III орынды алды. 50-65 жас аралығында: Ихсанов Сакен (Кудряшов а/о) I орын, Джанханов Махмуд (Еңбекші а/о) ІІ орын, Маденов Нұрболат (Еңбекші а/о) III орын, Елеусінов Руслан (Еңбекші а/о) IV орынды қанжығасына байлады.

Ал, 40 жастан жоғары әйелдер арасында Мыңбаева Ақмарал (Құрманғазы а/о) I орын, Серікбаева Назгүл (Қиғаш а/о) II орын, Ғилажева Гүлшара (Кудряшов а/о) III орын, Калиева Алмагүл (Еңбекші а/о) IV орынды иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бөлім атынан дипломдар және медальдар табыс етілді.

Қанат Ғұмаров