Ризабек рингте мықтылығын көрсетті

Спорт

Петропавл қаласында 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан «Жас ұлан» спорт клубының жүлдесі үшін VI республикалық турнир өтті.

Оған ринг иелерінен басқа көршілес Ресейдің Орынбор, Ростов облыстарынан, еліміздің Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл қалаларынан балғын былғары қолғап шеберлері қатысты.

Ауданымыздан барған Ақкөл орта мектебінің оқушысы Ризабек Әділбеков 52 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Турнирде 4 рет жекпе-жегін өткізген ол қарсыластарынан мықтылығын көрсетті. Ризабекті жарысқа бокс жаттықтырушысы Есбол Байдошев дайындап алып барды.

А.НӘЖІМОВ