Кіші аяқ доптан өткен турнир

Спорт

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі криминалистика қызметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің аға криминалисті қызметін атқарған полиция капитаны Сергей Каримовты еске алуға арналған аудандық полиция бөлімі қызметкерлері арасында кіші аяқ добынан аудандық турнир өтті.

Алдымен ҚР Мемлекеттік Әнұраны ойналғаннан кейін, мерекелік құттықтау сөз аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Жасұлан Мұқашевқа берілді. Ол криминалистика саласының аудандағы қызметі жөнінде қысқаша баяндап, онда ұзақ жылдар еңбек еткен марқұм Сергей Каримовтың азаматтық келбетіне тоқталды. Одан әрі, ішкі істер органының ардагері Жангелді Темірбекұлы, Сергейдің ағасы Николай мен жездесі Ғабиден, жұбайы Бақыт, бірге оқыған сыныптасы Болатбек турнирді ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнир қорытындысымен АПБ жол патрульдік полиция бөлімшесі жеңімпаз атанса, ІІ, ІІІ орындарды ювеналдық полиция және жедел тергеу бөлімшелері өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

А.Шакупова.