Ардагер спортшылар өзара сынға түсті

Спорт

Аудандық спорт кешенінде Кеңес әскерлерінің Ауған елінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай волейболдан ардагер спортшылар арасында ашық облыстық турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа 60-қа жуық спортшы, 5 команда қатысты. Ашылу салтанатында аудан әкімі Бибоз Шаяхметов, Атырау облыстық Ауған соғысы ардагерлер қоғамының төрағасы Ғабиден Қайыржанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысымен Атырау облысы Ауған соғысының ардагерлер командасы І орынды, Құрманғазы ауданының командасы ІІ орынды, Ресей Федерациясы, Красный Яр ауданының командасы ІІІ орынды иеленді. «Үздік техникасы үшін», «Үздік ойыншы» аталымдарымен Тұңғатаров Хайдар (РФ Красный Яр ауданы), Қажекенов Есқабыл (Атырау облысының Ауған соғысының ардагерлер командасы) марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бөлім атынан кубок, диплом, медальдар табысталды.

А.Шакупова.