Спорт және Мәдениет

Поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) TVP-ге берген сұхбатында келесі жекпе-жегі IBF және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы болатындығын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

"Головкинмен жекпе-жек ақпан айында өтеді. IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа таласамын. Қараша айынан бастап дайындықты бастаймын", - деп мәлімдеді Шеремета.

Қыркүйектің IBF рейтингінде Шеремета Головкин мен украиналық Сергей Деревянченкодан кейін (13-2, 10 КО) үшінші орында тұрған болатын. Камил қазан айының рейтингісінде көш бастап, титул үшін ресми үміткер болады деп күтілуде. Головкин дәл осы польшалық боксшыға қарсы жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат кеше тараған болатын. Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде GGG украиналық боксшы Сергей Деревянченконы ұтты.

BAQ.KZ

Фото: дереккөз

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының қолдауымен, «Жас интеллектуал» ұйымының ұйымдастыруымен Атырау жастар театрының сахналауында «Хат тасушы» драмасы көрермен назарына ұсынылды.

Атыраулық спортшы Әбіл Ғалиев 64 келі салмаққа дейінгі категорияда тайлық қарсыласын жеңіп, Jayynger чемпиондық белбеуінің және қомақты ақшалай сыйлықтың иегері болды , - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еркін күрестен КСРО спорт шебері, Ресей Федерациясының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов Атырау облысының жасөспірімдерімен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҚазАқпарат – Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ещё статьи...