Айлығы көп дәрігер алаңдамайды

(0 Votes)

Мемлекет басшысының жыл сайынғы ел тұрғындарына арнайтын Жолдауы – алдыңғы жылдарға бағыт-бағдар беретін негізгі құжат.

Елбасы әр жыл сайын әлемдегі саяси-экономикалық ахуалды, еліміздің ішкі және сыртқы саясаты мен әлеуетін бағамдай отырып, Қазақстандағы орнықты даму саясаты дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқанын тағы бір мәрте паш етіп отыр. Соның нәтижесінде егемен еліміз әрқашанда жаңа биіктерді бағындырып, бүгінгі күні «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдаған, ең дамыған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мемлекетке айналды. Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында әлеуметтік саланы дамытуға, соның ішінде медициналық қызмет сапасына айрықша назар аударылды.

Елбасы бүгінгі таңда кардиологиялық аурулардан болатын адам өлімінің саны әжептәуір қысқарғанын тілге тиек етті. Онкологиялық ауруларға қатысты ахуал күрделі болып отырғанын айтып, осы бағыттағы емдеу ісін одан әрі жетілдіру мәселесі бойынша түрлі тапсырмалар беріп, 2019 жылы Астанада ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы басталатынын жеткізді. Оның нәтижесінде осы дертпен сырқаттанған адамдардың өмірлерін сақтауға болатынын алға тартты.

Сондай-ақ, «2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд. теңге бөлінеді» деді Елбасы. Сонымен қатар, жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігі де сөз болды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшу қажеттігі қаперге берілді. Жолдауда белгіленген әлеуметтік сала бойынша мақсат-міндеттер – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқына деген шынайы қамқорлығының көрінісі. Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлесе жүзеге асырар болсақ, алар белесіміз мол болмақ. Сондықтан, Елбасы Жолдауын түсініп, әр сала маманы қажет тұстарын көңіліне түйіп, тұтастай ел болып бір мүдде аясында жұмыстануымыз қажет.

Нұрлы Юсупова,

кардиолог-дәрігер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521