Саясат

Құрметті Елбасы!

Ұлт Көшбасшысы, халық сайлаған Тұңғыш Президент – сіз тек еліміздің тарихында ғана сақталмай, әлемдік деңгейде есте қаласыз.
​Әртүрлі ұлттарды өкілдері үшін Қазақстан туған шаңыраққа айналды, олар ертеңіне қам жемей, еркін өмір сүріп, еңбек етуде. Бейбітшіліктің бесігі – Қазастан халқы Ассамблеясының оң тәжірибесін әлемнің басқа елдері мойындап отыр.

Сіздің халықаралық аренадағы ерекше беделіңіз, елімізді әлемге танытып отыр. Қазақстанның пікіріне әлемдік қауымдастық құлақ қоятын болды. Қазақстанның гүлдену және халықаралық беделге ие болу кезеңі Сіздің есіміңізбен байланысты болмақ. Тәуелсіз елдің іргесін сіз қалағаныңыз – тарих кітабына жазылған факт. Сіздің арқаңызда Қазақстаның стратегиялық және саяси әріптестері көптеп саналады.

Бұл факторлар мен фактілер – Сіздің бір де бірегей тұлға екеніңіздің дәлелі. Миллиондаған қазақстандықтарға Елбасы болып, олардың гүлденуін қамтамасыз еткен адамның есімін отанымыздың елордасына беру – лайықты шешім. Біздің кәсіпорынның ұжымы бұл бастаманы қолдайды. Бұл – халқымыздың Елбасына деген алғысы. Әлемдік қауымдастық біздің елімізді әрдайымда Қазақстанның тұңғыш Президентінің жетістіктерімен байланыстыратын болады.

Құрметпен, «Caspiy Lana» ЖШС-нің ұжымы
Атырау облысы

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа атырау жолшыларынан
Ашық Хат

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік алғалы бері қаншама жолдар салынғанын барша жұрт біледі. Тіпті, дәуірі өткен Совет өкіметі кезінде де 70 жыл ішінде бұндай жолдар салынған жоқ. Басқаны айтпағанда, біздің Атырау облысында қаншама жолдар салынды. Бұрын біздің қаламыз балшықтан көз ашпайтын болса, қазір бізде асфальт төселмеген көше жоқ. Бұның барлығы да Сіздің еңбегіңіз!

Елді- мекендерде жол салып, халық қамын ойлаған Сіз секілді елдің көреген басшысына халықтың ынта- ықыласы ерекше! Өйткені, елдің жеткен жетісітігі, алған асулары Сіздің жүргізген саясатыңыздың арқасы, сіздің пайым- парасатыңызбен келген Жеңіс! Ал, осыны ескерген халықтың Астана қаласын- Нұр- Сұлтан деп өзгертуі әбден орынды мәселе деп түсінген жөн. Ел Еріне елеңдемесе, Ері елін ескеруден қалады дейді қазақ. Міне, атыраулық жолшылар осыны басшылыққа алып, барша қазақстандықтардың тілегін жеткізуді мақсат етті.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Кемеліне келген ел кемеңгер Ерінің есімімен бас қаласын атауды жөн көрді. Бұл баршаның ниетінен туған шынайы ойымыз! Астана қаласын- Нұр -Сұлтан деп өзгерту халық талап етіп отырған бүгінгінің басты талабы деп түсінгеніңіз абзал! Ел тілегі қабыл болсын!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы !

Тәуелсіздің жылдары біздің еліміз әлеуметтік – экономикалық дамуда зор жетістіктерге жетті. Бүл, алдымен, сіздің еңбегіңіз. Іске асқан ауқымды және өміршең жобалар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берді.

Бірлікті ту қылып ұстаған егемен елдігі бейбітшілік пен келісімнің кепілі – Сіз. Күрделі кезеңдерде Сіз әрдайымда жауапкершілігі жоғары шешімдер қабылдап, түптеп келгенде олар біздің игілігімізге айналды, еліміздің гүлденуіне қуатты серпін берді.

Мемлекеттілігімізді нығайтып, еліміздің экономикалық қуатын нығайтуды мақсат қылып қойған қалған Сіз бар күшіңізді, мүмкіндігіңізді осыған сарқа жұмсадыңыз.
​Сіздің есіміңіз тарихта мәңгілік қалады. Қазақ ұлтының бүгінгі құндылықтары – сіздің сарабдал саясатының жемісі. Президенттік өкілеттіктерден бас тартуыңыз – сіздің өзгеден бөлек, ерек тұлғалы саясаткер екеніңізді тағы да дәлелдеді. Сонымен қатар, халықпен бірге боламын дегеніңіз бізді аса қуантты.

Атырау облысына жұмыс сапарыңызда Сіз біздің кәсіпорынға келіп, қызметкерлермен тілдесіп, жұмысымызды жоғары бағалансыз. Бүгінде еліміз шикізат экспорттаумен шектелмей, дамыған өндіріске ие болды. Мемлекеттің қолдауымен шағын және орта бизнес саласында жүздеген жоба жүзеге асуда. Осының арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты артуда.

Астананы Тұңғыш Президенттің есімімен қайта атау туралы ұсыныс – сізге риза бүкіл халықтың ойынан шықты. Бұл ұлт Көшбасшысы, ұлтының ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа біздің ерекше құрметіміздің шынайы көрінісі. Біз сізді әрдайымда қолдаймыз.

 

Атырау облысындағы еңбек ұжымдары, студенттер, Қазақстан халықтары ассамблеясы өкілдері, кәсіподақ ұйымдары астана атауын ауыстыру туралы ұсынысты қолдайды, – деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астананы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынған болатын.
Атырау облысындағы «Дәулет Нан», «Амангелді », «Caspiy Lana», «Альянс Строй», АМӨЗ , «Ембімұнайгаз», «Жігермұнайсервис», «Атыраунефтемаш», “Isker”, “АтырауИнжСтрой”, мекемелерінің еңбек ұжымдары және жастар мен үкіметтік емес ұйымдар Елбасының атына хат жолдады. Хатта Ұлт Көшбасшысын қолдайтындары, астана атауын өзгерту Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы алдындағы елеулі еңбегімен байланысты екені айтылған. Астана атауын өзгертуді талап етіп, жалпы алғанда 7093 қол қойылды.

«Елбасының халықаралық аренадағы беделі жоғары екені анық. Біздің елімізді әлем таныды. Қазақстанның ұсыныстарымен санасады. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен еңбегі. Қазақстанның өркендеу кезеңі, әлемде абыройлы болуы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты. Жаңа тәуелсіз мемлекет қалыптасуының бастауында Назарбаев тұрды. Елбасымыздың арқасында Қазақстанда стратегиялық және саяси серіктестер көп», – деп жазылған «Caspiy Lana» ЖШС қызметкерлерінің хатында.
«Елорданың Астанаға ауысуы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Қиын кезеңде батыл, көреген шешім қабылдады. Бүгінде астанамыз әдемі қалалардың бірі. Тарихи маңызды оқиғалар осында өтеді. Елбасы астанаға атын беруге лайықты деп санаймыз. Сіз бізге құрмет көрсетіп, өндірісімізге келдіңіз, жұмыс жағдайымен танысып, өнімдерімізге баға бердіңіз. Біз сізді әрқашан қолдаймыз, Нұрсұлтан Әбішұлы!», – деп атап көрсетілген «Дәулет Нан» ЖШС еңбек ұжымы жолдаған хатта.

«Әлемде мұндай тәжірибе бар. Ел үшін өлшеусіз еңбек сіңірген, тарихта қалған тұлғаларға құрмет ретінде аты беріледі. Ең белгілі мысал – Вашингтон. АҚШ-тың халық сайлаған алғашқы президенті. Оның есімімен ел астанасы аталады. Біздің тәуелсіз Қазақстан және 1991 жылдан кейін өмірге келген біздің буын осыған лайықпыз деп есептейміз. Біз астана атауының ауыстырылуын қолдаймыз», – деп жазылған өңірдегі студенттер ұжымдарының үндеуінде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Атырау құрылысшыларынан Ашық Хат!

Қазақ Елі Тәуелсіздік алғалы бері құрылыс саласы қарқынды дамып, елдегі салынған үйлері бойынша бұрыңғы Кеңес Одағы елдерін басып озып кетті деп білеміз! Отыз жыл ішінде салынған үйлердің, баспаналы болған жандардың саны мыңдап саналады. Бұл Сіз бастаған саясаттың нақты жемісі!
Қазақстан ортақ үйіміз болатын болса, Астанамыз- сол үйдің төрі! Ал төрін қазақ қашан да қасиет тұтқан, сыйлаған. Міне, осы төрімізді Нұр- Астана деп атасақ, елдің Сізге деген қадір- құрметінің артқаны, орынды алғыстың межелі жеріне жеткені деп біліңіз!

Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақ халқы бүгінде сол төрін Нұр- Сұлтан деп атауды Сізден өтініп сұрайды! Өйткені, төрін ешкімге тектен- текке бермеген қазақ Өзіңізді сол төрде мәңгілік көргісі келеді! Халық тілегі мен арманын орындауға атсалысыңыз! Қазақ өзіңізбен ғана қазақ болып қалады! Олай болса, оның астанасы- Нұр- Сұлтан болуы әбден орынды болары хақ!

«Батыс-Альянс-Строй» ЖШС ұжымы

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақ халқы Сіздің қабылдаған шешіміңізге орай, үлкен тебіреніс үстінде! Отыз жыл бойына өзіңізбен бірге көрген жеңістер мен жетістіктер, қиын күндердің шешуші кезеңдері Отанын сүйген әр азаматқа ұмытылмас сезімдермен қатар, Сізге деген зор алғыс күйіне бөлеп отыр! Сіз біздің зауытқа келіп, бірнеше мәрте қуанышымызды бөліскеніңізді де ұмытқан жоқпыз, мақтан тұтамыз! Бұның барлығы да Сіздің еңбегіңіз, сіздің жеңісіңіз, халықтың бағы мен шаттығы!
Осы еңбекті елеусіз қалдыру – орынсыз болар, өйткені, ұрпақтарымыз бізді түсінбес еді. Елге осыншама еңбек сіңірген тұлғаға қазақ алғыс айта алмаса, қайырымсыз һәм рахымсыз жұрт атанар еді. Сізге деген ілтипатын білдірсе, өшкені жанып, кеткені оралғандай болар еді. Сондықтан, халық Сіздің есіміңізбен бас қаласы Астананы атағысы келеді. Бұл оның орынды тілегі!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Атыраудың мұнай өңдеушілері бас қаламыз- ұл мақтанышы Астана қаласын- Нұр -Сұлтан деп атағанды жөн санайды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақтың алтын дәуірі қандай егіз ұғым болса, Нұр- Сұлтан атауы да ұлтыңыздың сізге деген алғысымен егіз ұғым деп қабылдаңыз! Халықтың қалауы орындалсын!
Атырау мұнай өңдеу зауытының еңбек ұжымы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
Ашық хат!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Соңғы кездегі елдегі саяси өзгерістерді ескере отырып, біздің ұжым мүшелері барша қазақстандықтар секілді Сізге деген алғыс сезіміне бөленіп отыр. Отыз жылдың ішінде қазақ қазақ болғалы бес ғасырлар бойы жүзеге аспаған армандар орындалды, ата- баба мақсатына қол жеткізілді. Бұның барлығы Сіздің маңдай теріңіз бен тынымсыз еңбегіңіздің арқасы. Қазір қазақ елі бар жетістігін өзіңізбен байланыстырады. Бұл орынды жағдай!
Ал осы еңбегіңіздің ел ескермесе, несіне ел болады?! Қазақ ең алдыменен алғыс айтқысы келсе, жүрекжарды пікірін айтар, содан соң, өз баласын адалдық танытқан азаматтың есімімен перзентін атар. Осыған орай Тәуелсіздіктің төл перзенті -Асана қаласын барша қазақ Сіздің есіміңізбен атауды жөн санайды. Және бұл тілегінің орындалуына Сіздің қарсы болмайтынына бек сенімді. Өйткені, Сіз қашан да халықтың қамын жоғары қоятын қасиетіңізбен де дараландыңыз!
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Ел тілегінің орындалуы- Сіздің қолыңызда! Ал, барша қазақстандықтар Астана атауының Нұр- Сұлтан болып өзгеруін талап етеді. Талабы орындалады деп үміттенеміз!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Петропавл қаласында өткен ХV өңіраралық ынтымақтастық форумында қазақстандық және ресейлік компаниялардың туристік өнімдері қойылған көрмені аралап, туризмнің тартымдылығы мен танымалдылығын арттыратын озық жобалармен танысты.

Ещё статьи...