«Назарбаев оқулары»

Руханият

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық «Назарбаев оқулары» ұйымдастырылды.

Төрт кезеңнен құралған байқауға 12 мектептің оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – Елбасының халық үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Нәтижесінде бас жүлдені Гагарин атындағы жалпы орта мектептен келген оқушылар қанжығасына байласа, І, ІІ, ІІІ орындарды Алтынсарин, Шортанбай, Ә.Сәрсенбаев пен М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептері өзара бөлісті.

Дархан Ерғазиева,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.