«Жеңіс тарихы» тамашаланды

Мәдениет

Аудандық музейдің ұйымдастыруымен С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, тарихи тұлғаларымызды тану мақсатында 2017-2018 жылдар аралығында музей қорына қабылданған жәдігерлерден жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Оған аудан орталығындағы мектеп оқушылары қатысты.

Тұрғындардан жинақталған тарихи құнды дүниелерді музей қызметкері Жадыра Сабирова таныстырды. Бұдан кейін балғындар Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай Халық қаһарманы, жерлесіміз Хиуаз Доспанованың ерлігі туралы «Жеңіс тарихы» атты деректі фильмді тамашалады. Жылжымалы көрме алдағы уақытта кестеге сай барлық ауылдық округтерді аралайтынын қаперге береміз.

 

А.Шакупова.