Шәмші әндері шырқалды

Мәдениет

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ән өнеріне жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, «Вальс падишасы» Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қалықтайды туған елде Шәмші әні» атты аудандық фестиваль өтті.

Шараны ауданымыздың танымал өнерпаздары Болат Бидуллаев пен Жазира Сарсенғалиева жүргізді. Қырық жылдан астам шығармашылық өмірінде Шәмші ағамыз 300-ге жуық ән жазған екен.

Шәмші әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбын қамтиды. Бұл әндерді жұртшылық ұзақ жылдар бойы тек сахналарда ғана емес, барлық жерде, студенттік және отбасылық кештерде, демалыс сәттерінде әуелетіп шырқап жүр. Сол әндерді аудан өнерпаздары Ермек Айсын, Нұрлан Мертаев, Гүлзада Кенжешова, Раушан Сәрсенова, Айдар Богданов, Жанболат Кенжеғалиев, Руслан Исмагулов, Жалғас Сағындықов, Аманжан Халықов, Бекарыс Ділжанов, Бақытжан Сариевтер орындап, көрермен көңілін серпілтті.

Мейрамгүл Галимова,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері.