«Әйел – ана, әйел – өмір, әйел – гүл»

Мәдениет

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен «Әйел – ана, әйел – өмір, әйел – гүл» атты салтанатты жиында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова мерекенің шығу тарихына, ауданымыздағы соғыс жылдарында еңбек еткен әйел аналардың ерлік еңбегіне, жеңіске қосқан үлесіне, аталмыш кеңестің атқарып отырған жұмысына тоқталды.

Аудан әкімі Бибоз Шаяхметов шараға қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, Президентіміздің жарлығына сәйкес «Күміс алқаны» Құрманғазы, Сафон, Шортанбай, Еңбекші, Мақаш ауылдық округтерінің көп балалы аналары Орынгүл Телешоваға, Сәуле Шияповаға, Бақыт Сиражеваға, Райса Түсібалиеваға, Балауса Смағұловаға, Мейрамгүл Құсайыноваға табыс етті. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Жаңаталап ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Райхан Баязитова, мал дәрігері Жаңылсын Құзайырова ұлығыланды. Әр салада еңбек етіп жүрген әйел-аналар мен қыз-келіншектер де назардан тыс қалмай олардың үлкен тобына аудан әкімінің құттықтау хаты берілді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов: –Тәуелсіздік алған жылдары Кеңес Одағы құрамында болған кейбір елдер осы мерекеден бас тартқан кезде Қазақстан оны мемлекеттік мерекелер туралы заңына енгізіп, демалыс күні етіп жариялап, қалыптасқан дәстүрді сақтап қалды...

Толығырақ «Серпер» газетінен оқисыздар