Алапатқа айналған жарылыс

Мәдениет

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Чернобыль атом электр стансасындағы жарылыстың салдарынан орын алған үлкен экологиялық, техногендік апаттың зардабын жоюға қатысқан ардагерлері даталы күнге орай құрмет көрсетілді.

«Алапатқа айналған жарылыс» атты шара тақырыптық бейнероликпен басталып, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері А.Шариповтың шағын баяндамасы тыңдалды.

Аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарған чернобылдік ардагерлерді құттықтап, алғыс хатын табыстады.

Келесі кезекте сөз алған облыстық Чернобыль ардагерлері кеңесінің төрағасы Болат Дәулетияров мемлекет тарапынан апат зардабын жоюға қатысқандарға жеңілдіктер қарастырылып, көмектер көрсетіліп отырғанын, марапаттау шаралары алынып, қайтыс болғандарға ескерткіш тақталар орнатылып жатқандығын айтты.

Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

А.НӘЖІМОВ.