Денсаулық

Бүгін Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері арасында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық баршағы» ұранымен таңғы жаттығу ұйымдастырылды .

А.Шакупова

Міндетті әлеуметтік сақтандыру Жол картасының жүзеге асырылуын халық арасында түсіндіру мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, Атырау қалалық №4 емханасының профилактикалық бөлімі меңгерушісі Маржан Испергенова мен Атырау қалалық №1 емханасының үйлестірушісі Жаниса Кнамаева ауданымызда болып, тұрғындарымен кездесті.

Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексінде көрсетілген этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру үдерісі қатаң бақылауға алынады. Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен «СҚ-Фармация» ЖШС бірлескен жобасы өткен жылдың соңында сынақтан өткізілген болатын. Нобайлы жобаны ісе асыру барысында 191 603 SMS-хабарлама жіберілді. Сонымен қатар, абоненттерден 8123 жауап келіп, мамандар 1218 қоңырауға жауап берді.

Жыл сайын 24 наурызда әлемде Дүние жүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мұрындық болуымен өтетін дәстүрлі шара биыл «Туберкулезді жою, сырқаттарды толық емдеп жазу» деген ұранмен өтпек (Find. Treat. All. #EndTB»).

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы А.Умралиева қызылшамен ауруына шалдыққан Атырау облысы бойынша 616, ауданымызда 12 адам тіркеліп, зертханамен расталғанын хабарлайды.

Ещё статьи...