Жастарымыз үзілді-кесілді қарсы

(0 Votes)

М.В.Ломосонов жалпы орта мектебінің жалынды жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдарын насихаттады, адалдыққа, парасаттылыққа ұмтылыстарын көрсете білді.

Азаматтық, патриоттық, адам құқығын құрметтеуге, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін тәрбиелеуге негізделген, адалдық, әділдік, оқуға, өмірге шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында аудандық білім бөлімінің жоспарына сай, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты театрландырылған көріністер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мектебіміздің жасөспірімдері – әрдайым жаңашыл идеялардың, түбегейлі шешімдердің иелері атанып келеді. Байқауға қатысқан барлық шәкірттер өзекті мәселе туралы көріністер арқылы тақырыпты аша білді. Өздерінің сахналық шеберліктерінен басқа, сыбайлас жемқорлық мәселелеріндегі сауаттылықтың жоғары деңгейін және жаһандық проблемамен күресуге дайындығын жарнама арқылы да дәлелдей алды. Нәтижесінде, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жастар жылы осындай шәкірттеріміз Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін жаңашыл жобаларды, тыңтұрақты осылай жүзеге асыру үшін талаптана беретіндеріне сендіреміз.

Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521