Тапқырлар алаңы

(0 Votes)

Биылғы жастар жылына орай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен Ақкөл жастарының арасында «Тапқырлар алаңы» атты зияткерлік ойыны өтті.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, жарысқа әр түрлі саладағы жастар келіп білімдерін сынады. III орынды Темір жол саласындағы ШЧ-8 мекемесінің жас өрендері иемденсе, бас жүлдеге мәдениет үйінің қыз-жігіттерінен құралған «Жас қанат» командасы мен осы жылы мектеп қабырғасынан түлеп ұшатын оқушылардан құралған «Алғыр» командасы таласты.

Текетіреспен өткен финалда аз ғана басымдықпен өнер жолында жүрген жастар жеңіске жетіп, бас жүлдені иемденді. Көрермендер арасында өткізілген сайыста Исаев Нұрболат «Белсенді көрермен» номинациясына ие болды.

Жарыс барысында ауыл жастары тек осы шарамен шектеліп қалмай, еліміздің дамуына өз үлестерін қосатынын, алдағы уақытта да жақсылыққа ұмтылып, кейінгі өсіп келе жатқан жас өрендерге лайықты үлгі-өнеге көрсететіндерін жеткізді.

Ауыл жастарына қолдау білдіріп, ақыл-кеңестерін берген Ақкөл мәдениет үйінің қызметкерлеріне қатысушылар өз алғыстарын білдірді.

Т.Тасмұхан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521