«Құстар – қанатты достар»

Білім-Ғылым

Аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай Абай атындағы жалпы орта мектепте халықаралық құстар күніне арналған «Құстар – қанатты достар» атты байқау өткізілді.

Сайыс шарты бойынша талапкерлер құстардың алуан түрлілігі туралы зерттеу жүргізіп, суреттер көрмесін ұйымдастырып, бейнеролик дайындады.

Қорытындысымен Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің 8 сынып оқушылары Ажар Амангельдиева, Лиза Мазломова(жетекшісі география пәнінің мұғалімі Б.Қыдырбаева) екінші орынды жеңіп алды.

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.