Соғылды соңғы қоңырау

(0 Votes)

Ломоносов атындағы орта мектептің соңғы қоңырау салтанаты жылдағы дәстүр бойынша, оқу озаттарының, түрлі байқаулардың, білім олимпиадаларының, ғылыми жұмыстардың, шығармашылық жобалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарының шеруімен басталды.

Бұл лекте талантты оқушылармен қатар түрлі жетістіктерге жеткен мектептің мұғалімдері де жүріп өтті.

Салтанатты сапқа мектептің 20, 30, 40 жыл бұрынғы және биылғы 2019 жылдың түлектері қошеметпен шақырылды. Мектеп директорының әскери алғашқы дайындық жөніндегі орынбасары А.Юсуповтың рапортынан соң мелекеттік Әнұран ойналып, көк Туымыз бен мектеп туын көтеру құрметіне үздік мұғалімдер А.Құлесова мен А.Артмұхамбетова ие болды.

Мектеп директоры Толқын Әжіғалиева өз сөзінде мектептің жетістіктеріне тоқталып, жүргізілген зерделеудің нәтижесінде мектеп бойынша 8 «б» «Үздік сынып», 9 сынып оқушысы Айкерім Қадырова «Жыл оқушысы», 11 сынып оқушысы Аялан Құмарғалиев пен 9 сынып оқушысы Дина Ким «Жыл спортшысы», 11 сынып оқушысы Әсел Еділбаева «Үздік жасақ басшысы» аталымдарына ие болуларымен марапаттады.

0

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нәйля Хасанова, мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров, әр жылдардағы түлектер атынан Ақтау қаласынан келген физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы университеттің ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Ізтелеуов жүрекжарды тілектерін арнады. Бұл соңғы қоңыраудың үні түлектер үшін нағыз балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу күні болып жүректерде мәңгі қалары сөзсіз. Сәт сапар, сендерге жас түлек!

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521