Әскери болу арманың ба?

(0 Votes)

Б.Бегәлиев атындағы орта мектеп базасында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери оқу орындарына талапкерлер тарту мақсатында аудан мектептерінің жоғары сынып оқушы ұл балалармен кездесу ұйымдастырылды.

Оған Алматы құрлық әскерлері әскери институты бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Мақсат Смаилов, әскери патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары Равиль Фазылиев, облыстық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі департамент, бөлімнің жауапты мамандары қатысып көтерілген мәселеге орай түсініктерін берді.

Аудандық ҚІЖБ-нің әскерден тыс жұмыс, бастапқы әскери даярлық және әскери-техникалық мектептер жөніндегі инспекторы А.Шарипов аталған әскери оқу орнын осы мектептің түлегі Алтынбек Мүтиғолла өткен жылы тәмамдап, қазіргі уақытта лейтенант шенінде Қарағанды қаласындағы бір бөлімде қызмет атқарып жатқандығын айтып өтті. М.Әуезов атындағы орта мектептің түлегі Нұрсұлтан Құрманғазиев те Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусын жақсы аяқтап, Атыраудағы арнайы мақсаттағы әскери бөлімде аға сержант шенінде қызметке тұрғанын айтып мысалға келтірді. Бұдан басқа Қазақстан Қарулы күштерінде, әскери-теңіз флотында біздің ауданда туған жастардың барын қаперге берді.

Атырау облыстық ҚІЖД-нің нұсқаушысы, 3-ші сыныпты сержант Мұрат Сатыбаев: - Орта және жоғары арнаулы әскери білім беретін оқу орындары еліміздің қорғаныс саласына әр деңгейдегі командирлер, тәрбиешілер мен әлеуметтік-құқық саласының қызметшілерін, инженер-техниктерін, арнаулы мамандарын дайындайды. Мұнда оқуға түскен тыңдаушылар әскери білімдерін, дайындықтарын жетілдіреді, жалпы және арнаулы тактика, қару мен әскери техниканы меңгеретін болады. Қажетті ғылымды, әскери педагогика мен психологияны, армиядағы саяси-ұйымдастырушылық жұмыстар әдістемелерін терең оқып зерттейді - деген ол еліміздегі әскери оқу орындарының қай қалаларда барын, бітіруші түлектерге мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтарды тізбелеп берді.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521