Ақнұр алдына жан салмады

(0 Votes)

Күй өнерінің қашан да мəртебесі биік, тұғырлы, шексіз өнер екенін тарих беттері дəлелдеп келеді. Қазіргі таңда да күй атасы Құрманғазы мен Динаның ізін жалғар жеткіншектеріміз жоқ емес.

Бұған дəлел Мақаш ауылдық округіне қарасты Əбу Сəрсенбаев мектебінің 9 сынып оқушысы Ақнұр Абаеваның жеңісті сəті болмақ. Ол Алматы қаласында өткен "БЕЙБІТШІЛІК ƏЛЕМІ" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ұйымдастырған " Мəңгі ел Қазақстаным" байқауына "күй жанры" бойынша қатысып, жүлделі І орынды қанжығасына байлады. "БЕЙБІТШІЛІК ƏЛЕМІ" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің Президенті, Қазақстан, Евразия, Əлем халықтары Жазушылары Одағының мүшесі, академик, ақын Əбен Нұрмановтың қолынан Бірлестіктің арнайы куəлігі мен медалін иеленді. Екінші сыныпта жүріп-ақ домбыраға аңсары ауған бүлдіршін ұлттық аспаптың үйірмесінде бес жыл білімін жетілдірген. Үйірме жетекшісі Қарлығаш Құрманованың қолдауымен домбыраның қыр сырын үйренді. Оркестр құрамымен де жеке өзі де бірқатар күйлерді нақышына келтіріп шертіп жүр. Талабы таудай жас өнерпазға келешекте толағай табыстар тілейміз!

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521