«Жомарт жүрек» сыйлығы иелері анықталды

(0 Votes)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған «Туған жер», «Атамекен» кіші бағдарламаларының аясында жергілікті жерлерде «Жомарт жүрек» сыйлығы номинацияларына лайықтыларды анықтау жүргізілді.

Шара бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді ынталандыру, көтермелеу және туған өлкесін дамытуға жәрдемдестіру, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет және мейірбандық идеяларын танымал ету мақсатында өткізілді.

Осы орайда, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі мен меценаттық жобаларды жүзеге асырғаны үшін ауданның алғашқы жомарт жүректі азаматтары анықталды. Ауданның 90 жылдық мерейтой салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туға өлке» аталымы бойынша қайырымдылық шараларына үнемі қатысып жүретін «Төбеарал» ЖШС директоры Нұрлыбек Майфөкұлы Хамитовты ұлығылады. Ал, «Жыл тұлғасы» аталымына туған ауылының көшелерін жарықтандыруға атсалысқан «Норт Каспиан Прокон Салушн» компаниясының құрылтайшысы Мұғал Төрешұлы Мақымғалиев лайық деп танылып, алғыс хатпен марапатталды.

А.МЕЙІРМАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521