Жол салу қарқынды жүруде

(0 Votes)

Астрахан-Атырау тас жолын салумен айналысып жатырған «Сине Мидас Строй»TODINI J.V» ЖШС өкілі, учаске бастығы Хасан Инак аудан әкімі Қайрат Нұртаевпен әңгімесінде кесте бойынша биыл жолдың бірнеше көрпірімен бірге 25 шақырымын салулары тиіс болғанымен оны 40 шақырымға жеткізгелі отырғандарын айтты.

Жолдың ені 9 метр болады. Жолай көргеніміз жұмыс қарқынды жүруде. Түрлі техникалар жұмылдырылып, біраз шақырымды көтеріп те тастапты. Учаске бастығының айтуынша сонымен қатар биыл 12 аялдамасымен бірге 1655-1700 метр ауылішілік жолы да салынады. Оның енін негізгі жолдан жарты метрдей қысқа ету жоспарланған. Құрылысты сумен қамту жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиев қысқаша мәлімет берді. Мердігер мекеме өкілімен әңгімесінде аудан әкімі Қайрат Нұртаев жұмыстың барысын мұқияттап сұрап, саланы егжей-тегжейлі білетін маман екенін көрсетті.

Жұмысшылардың 15-і түрік мамандары, 70 шақты адам жергілікті жерден. Жолмен айналысып жатырған тағы бір мердігер мекеме «Бекет Сәт Жол» ЖШС- де біраз жұмыстар жасап тастапты. Құрманғазы ауылынан Бірлік ауылына дейін созылатын 29 шақырым жолдың 14 шақырымы біте келіпті. Аудан әкімі Қ.Нұртаев мердігер мекеме өкіліне айналма жолдардың шаңын көкке көтермей су шашқызып отыруды тапсырды. Бірлік ауылдық округінде ауылішілік жолды салумен айналысып жатқан мердігер мекеме жұмысына сын айтып, құрылысты жеделдетуді міндеттеді.

 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521