«Әжелер әлемі» байқауы

(0 Votes)

Мақаш ауылдық округіне қарасты Морской ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мекеме аралық «Әжелер әлемі» байқауы өтті.

Мақсаты қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен ұлттық құндылықтарын насихаттау және әжелердің өнегесін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру, сонымен қатар ата-бабаларымыздан қалған бай мұрамызды жаңғыртып, салт-дәстүрді дәріптеу.

Байқау «Сәлем – сөздің анасы» атты өзін таныстыру, «Бабадан қалған асыл сөз» - әжелер өсиеті, «Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет» - өнер көрсету, «Өнерлінің қолы алтын» - ұлттық нақышта бұйым әкелу бөлімдерінен тұрды. Нәтижесінде бас жүлдені Мақаш ауылдық округінен қатысқан Жәннат Зиноллақызы алды, І орында Әбу Сәрсенбаев орта мектебінен Қарлығаш Құрманова, ІІ орын «Ақмарал» бөбекжай балабақшасынан, Алға дәрігерлік емханасынан Жұмазия Мұхамбетқалиқызы мен Ұлболсын Қаражиқызына тиді. Морской ауылдық мәдениет үйінен қатысқан Бақытханым Шамұратқызы ІІІ орын иеленді. Шараға қатысушыларды ауылдық округ әкімі Болат Мұфтахов құттықтап, мәдениет үйі атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

А.Сейтқалиева,

Морской ауылдық мәдениет үйінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521