Жантақ шыққан жол - бізде

(0 Votes)

Біздің Атырау облысы, Құрманғазы ауданының орталығы Құрманғазы ауылының бірқатар көшелеріне де жаңа тас қабатты жолдар төселді.

Жүргіншілер жолы да бар. 2018 жылы басталған кей тұстары әлі бітпей ұзаңқырап барады. Ол да ештеңе емес, басталды ғой, бітер деген үмітте ауылдықтар. Мәселе, жаңадан төселген тас қабатты жолдың астын жарып, жантақ шөбішығуда. Сұрағандарға жол салушы мамандар: “Бұл жантақ шөбіне ем жоқ” дейтін көрінеді. Осы істен хабары барлар жол астына целофан төселуі керек еді, сонда ешқандай шөп жарып шықпайды, дегенді айтады. Қалай болғанда да өте ыңғайсыздықты байқатады.

Халық оны қашаннан аңсап күтті,

Көрді дағы түңілді жаңсақтықты.

Кеше ғана төселген тас жол бойлай,

Әр жерінен бір жарып жантақ шықты.

Кім бар қарап бұл істі жүйелейтін,

Көрер ме еді бет емес, күйе кейпін.

Бүгінгінің япырмай асфальтынан,

Жантақ мықты кәдімгі түйе жейтін.

Масқараға осынау аң-таң халық,

Шындық қашан табамыз жалған қалып.

Таяғымен түртіп шал қарғанады,

“Іштеріңнен шықсын” деп жантақ жарып.

Төсегендер “ақпыз” дер “шансаң сүттен”,

“Білеріміз жарлық” деп “ханнан күткен” .

“Осында бір шикілік бар”- дейтіндей,

Желмен бірге желбіреп жантақ біткен.

Әр нені айтып өткендер бөседі кеп,

“Жеп қойған ғой” дейтін де өсегі көп.

...Бетті шымшып, ерінін сылп еткізер:

“Жетпегені япырмай, осы еді”-деп.

Таңатар Дәрелұлы,

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521