«Жүрегімнің жыр емі» жаңа кітап

(0 Votes)

Таңатар Дәрелұлы шығармашылығы ауданымызға кеңінен таныс. Бірақ ақын ағамызды әлі де түгел танып болмаған сияқтымыз.

Жақында ғана Алматының «Қазақ кітабы» баспасынан жарық көрген «Жүрегімнің жыр емі» атты кітабына жазған алғы сөзінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, есімі елімізге кеңінен танымал күйші-композитор Шәміл Әбілтай: «Елде жүріп-ақ жалпақ қазаққа даңқы жеткен Таңатар інімнің жыр жинақтарын енді мен де тауып алып, әр өлеңіне, әр шумағына ерекше ықыласпен ынта қоятын болдым. Ақын бір кітаптан бір кітапқа таланты жарқырай ашылып, үнемі өсу, толысу үстінде ерекше бір қарқынмен шығындап жетіп отыр. Бүгінгі таңда «Таңатар ақын Дәрелұлы кім?» десеңіз – ол жұмбақ Жұмекеннің ізін басып келе жатқан шоқтығы биік шайыр. Таңатар – зергер. Таңатар – емгер. Оны қазақтың қара өлеңінің киесі көтеріп келе жатыр. Ол ақын, азамат, қайраткер. Ең бастысы – ол құрманғазылық!», - дейді тебіреніп. Шәміл ағамыз жағымпазданып, мақтау сөзді оңды-солды шашып жүретін ергежейлілерден емес, биліктің желі де шайқай алмас салмағы бар тау тұлғаның, өзіндік пікірі бар азаматтың бірі. Сол себепті бұл орынды берілген баға деп есептейміз.

Толығырақ «Серпер» газетінен оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521