Жүктемесі үлкен, жүгі ауыр

(0 Votes)

Бұрынғы өткен жолдауларда да көп міндеттер белгіленіп, біразы оң шешімін тапты.

Жаңа Президент Жолдауына да жан сүйсінеді. Өйткені жіберген кемшіліктеріміз көрсетіліп, алдағы міндеттер сараланған. Және оны жүзеге асыру жолдары, қайсыбірінің қаржысы да нақтыланған.

Бірінші бағытта халықтың табысын арттыруға жете көңіл бөлінген. Өте дұрыс деп есептеймін. Өйткені, кейбір мекемелер, ұжымдарда ұзақ жылдар бойы қызметкерлер мен қарапайым еңбеккерлердің айлық табыстары өспей, бастапқы күйінде қалып келеді. Басшы мен басшы буындағылардікі шамадан тыс көбірек те, ал санасын шаршатып қол күшін жұмсайтындардікі азырақ. Бұл мәселеге одан әрі төзуге болмайды. Қазақстан сияқты бай-бақуатты елде әркім өз еңбегінің өтеуіне орай жақсы тұрмыс кешуге құқылы.

«Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен, өсім бізге не үшін қажет болады екенін терең түсінуіміз керек. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс» -делінген бірінші бағытта. Демек, бақытты өмір сүріп, игілікті бірге тұтыну үшін баршамызға бірдей өз саламызда адалдықпен жан қинап іс тындыру міндеті тұр.

Баспана мәселесінде де күрмеулі түйткілдер болып келді. Біреудің қолы жетті, екіншілерге алыстағы армандай көрінді. Енді былай делініп отыр: «Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айырықша назар аударамын. Біздің алдымызда Бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайды» деп міндет қойылған. Енді алға қарай туған елімізде үй-жайы жоқ ешкімнің болмауына қам жасалады, деген сөз қысқасы.

Жолдаудың екінші бағытында, «Жемқорлық-мемлекеттің дамуын тежейтін кесел» делінсе, ол ып-рас. Өткен тарихқа көз жүгіртсек бұдан сорлаған елдерді аз дей алмайсың. Біздің Қазақстанды да жайлап кетті. Миллиондарды ғана емес, миллиардтарды жемсауына құятындарды естігенде таң қалмайтын болдық. Бұйыртса бұл дертке де ем табылады. Тек барша қазақстандықтар бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығаруға тиіспіз. Жолдауды жүзеге асыруға жұмыла кірісіп, нәтижесін бірге көрейік дегім келеді.

Батырбек Балтаев,

Көптоғай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521