«Үздік сайт жүргізушісі-2018»

(0 Votes)

Барлық еңбек ұжымдарындағыдай жеті аудандық, екі облыстық газеттің басын біріктіретін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі де өз үздіктерін анықтады.

Жаңа жыл алдында өткен қорытынды жиында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Достанұлы Қабылов «Серпер» газетінің корректор-іс жүргізушісі Гүлхат Мадатқызы Сәрсекееваға «Үздік сайт жүргізушісі-2018» номинациясын табыстады. Әріптесіміз әлеуметтік желідегі «Серпердің» парақшасына жаңалықтарды «сүйіншілей» жаршылап жеткізіп отырады. Өзінің тікелей міндетіне кіретін газетті қатесіз шығару сияқты жауапты қызметіне қосымша ретінде атқаратын бұл жұмысын да мігірсіз атқарады.

Дейтұрғанмен де, «Серпердің» жедел ақпарат таратудың бұл саласындағы жетістіктері сайт оқырмандарының белсенділігі арқасында болып отырғандығын айтқымыз келеді. Жарияланған материалдарға үнемі пікір қалдырып, бөлісіп отыратын тұрақты оқырмандарымыз жетерлік. Парақшамыз қаралым рейтингі бойынша әріптестеріміз арасында үнемі үздіктер қатарынан түспеуі осындай жаңалыққа жаны құмар, жақсы жағын да, кемшін тұстарды да таразылай білетін көзі қарақты, парасат-пайымы жоғары жандардың жанашырлығы деп білеміз. Алдағы уақытта да «Серпермен» бірге болып, ой бөлісіп отырады деген сенімдеміз. Жаңа жыл құтты болсын, қадірлі оқырман!

        

Құрметпен серперліктер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521