Қызметкердің төресі – Құрманғазыда!

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты салтанатты шараны Теңіз халық театрының режиссері Елдос Құлшаров пен аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы Айгерім Ғизатова жүргізді.

Салтанатты шара барысында «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісінің иегері, Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов мемлекеттік қызмет туралы баяндама жасап: - Ауданымыз бойынша19 ауылдық округ және 13 дербес бөлімде барлығы 203 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері болса, оның 144-і аттестаттауға қатысып, 2 мемлекеттік қызметшіміз қызметте жоғарылату, қалғандарының атқарып отырған қызметтеріне сәйкестігі туралы шешім қабылданды. Кейбір мемлекеттік қызметшілер заңда көзделген жеңілдіктерге сәйкес аттестаттаудан босатылды. Олар бала күтіміндегі, жалғыз басты аналар, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар.

Меритократия қағидаларына сәйкес, 2017 жылы 18 мемлекеттік қызметшінің лауазымы жоғарылатылса, 2018 жылдың 6 айында 26 мемлекеттік қызметшінің лауазымы көтерілді. Оның ішінде мемлекеттік қызметте бірнеше жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жоғары білімді 22 жетекші маманның лауазымдары бас маман лауазымына ауыстырылып, қайта тағайындалды. Облыста ұйымдастырылып жүрген мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасында ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері 9 дүркін жеңімпаз атанғанын мақтанышпен айтуымызға болады, - деп мемлекеттік қызмет ардагерлері мен бүгінде осы салада көзге түсіп жүргендердің есімін құрметпен атап, олардың бір тобына марапаттар табыс етті.

Атап айтсақ, Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен Ғайни Карина, Мейіржан Ғұмаров, Арман Хайырлиев, Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хатымен сала ардагері Роза Серікбаева, мамандар Нұрлан Қабдешов, Гүлбану Баянова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің Алғыс хатымен Асылбек Әнесов, аудан әкімінің Алғыс хатымен Баян Қуаншәлиева, Тілекші Медеуғалиева, Марат Хасанов, Марина Жүнісова, Гүлбаршын Баженова, Бибігүл Төлегенова марапатталды. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының Алғыс хатымен, аталған қауымдастықтың ауданымыздағы өкілі Өтежан Дайынов аудан әкімі Бибоз Шаяхметовті ұлығылады. Жас мемлекеттік қызметшілер атынан Еңбекші ауылдық округі аппаратының бас маманы Мейрамбек Өтеуғалиев сөйлеп, аға буынның ісін жалғастырып, елге адал қызмет етуге әзір екендіктерін жеткізді. Шара соңы көрерменіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік сазды бағдарламаға ұласты.

Қанат ҒҰМАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521