Қырағылық танытқандарға құрмет

(0 Votes)

Қиғаш ауылы - Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы болғандықтан, жергілікті тұрғындар мемлекеттік шекараның қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай, қырағылық танытып, керек кезінде шекарашыларға көмек беріп отырады.

Осындай елжанды, саналылығы жоғары ауыл тұрғындары, медбике Гүлбаршын Ғинаятқызы Сартаева мен «Қиғаш» бас су сорғы стансасының қызметкері Анарбек Ғайнуллаұлы Байтеміров ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры, генерал-майор Д.Ділмановтың «Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының күзету бойынша ісіне қосқан үлесі үшін» алғыс хатына ие болды. Марапатты табыстаған «Құрманғазы» шекара комендатурасының штаб бастығы, капитан Абылайхан Уалиханұлы Сейдалханов пен «Сазды» шекара заставасының бастығы Фуркат Абдухамидұлы Зайров ел тыныштығын күзететін шекарашыларға көмектесуді азаматтық борышым деп білетіндер қатары көп болсын деген тілектерін жолдады.

Ж.Жанқанов,

Қиғаш ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521