Торқалы тойға – жыр-тарту (ВИДЕО)

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған жұртшылықты сүйсіндірген ақындар айтысы С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өтуде.

Жыр мерекесіне еліміздің батыс аймағы Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан сегіз ақын қатысуда. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев дәстүрлі өнерге қошеметін білдіріп, асыл мұра – айтысымыз қанатын кеңге жая берсін деген тілегін жеткізді. Жүргізуші Болат Бидоллаев байқаудың лайықты бағасын берер қазылар алқасымен таныстырды. Айтысты әрі қарай жүргізу тізгіні ауданымыздың айтыскер ақыны Мүтиғолла Ғаниге ұсынылды.

{youtube}_q1KPH6_v1U{/youtube}

Алғашқы жұп болып республикалық, облыстық ақындар айтысының жеңімпазы Исатай ауданынан Өнербек Дәулекенов пен облыстық, аудандық ақындар айтысының жүлдегері Құрманғазы ауданынан Жанаргүл Оралқызы шықты. Абай Жолмағамбетов, Талғат Мықи, Шалқарбай Ізбасаров, Нұрбейбіт Нұғыманов, Амангелді Панабердиев, Ұлан Иманғалиев сынды ақындарымыздың жыр көкпары көпшілік көңілінен шығатынына сенімдіміз.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521