Тасты төсеп, бетін жабуды ұмытты

(0 Votes)

Ауылішілік жолдарды да жөндеу жұмыстары басталғанына бір-екі айдың жүзі болды. Жаяу жүргіншілер жолын бұзып, топырақ, қиыршық тас төседі.

Тұрғындар енді тегіс жолмен жүретін болдық деп қуанды. Бірақ, енді соның үстіне асфальт төсеу жұмыстары созылып кетті. Адамдар қиыршық тастың (щебень) үстімен жүреміз деп сүрініп-қабынуда. Себебі ол тегіс емес, бір жерлері ойық. Байқамасаң тобығыңды шығарып алуың әбден мүмкін. Қиыршық тасқа сүрініп құлап, тіземізді көгертіп алып жүрген жайымыз бар. Ең болмаса орталықтағы жаяу жүргіншілер жолына асфальт төсесе жақсы болар еді. Шет жақтары сосын жөнделе жатар. Машина жолымен жүруге қорқамыз, көлік қағып кетер деп. Бұрын жаяу адамдар өтетін ақ жолақ болатын, оны да алып тастады. Қазір кейбір жүргізушілер сол жерден саған жол берудің орнына тапатып өтеді. Өздерін елді мекенде емес, айдалада келе жатқандай сезінеді. Алдынан бала, мал, мас адам шығып қалуы мүмкін деп ойламайды. Бұрын ақ жолақ барында аздап жайлайтын еді. Жол полицейлері бұларға бір шарасын алмай ма екен? Көшенің қай жерінен кесіп өтеріңді білмейсің. Жол құрылысы мамандарының құлағына алтын сырға, жаяу жүргіншілер жолын асфальттаңдаршы, айналайындар!

Рахмет НИЕТҚАЛИЕВ,

зейнеткер,

Құрманғазы ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521