Тәуелсіздікке тарту (ФОТО)

(0 Votes)

Орлы ауылдық округінде Тәуелсіздік мерекесіне орай жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Мердігер мекеме «Бек и Ко» ЖШС бұл құрылысты тамыз айында бастап, үш айда бітіріп, тұрғындар игілігіне ұсынып отыр. Жаңа нысан бес орындық күндізгі стационар, дәрігерге дейінгі бөлме, жуынатын орын, акушер бөлмесі, зертхана, алдын-ала егіс бөлмесі және басқаларымен қамтылған. 82 млн. теңгеге салынған амбулаторияда 1 дәрігер, 8 медбике тұрғындарға қызмет көрсетеді. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев, медицина саласының ардагері Абдолла Ашимов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.

Мердігер мекеме «Бек и Ко» ЖШС атынан жеке кәсіпкер Өтежан Дайынов аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиеваға жаңа нысанның символикалық кілтін табыс етсе, ауданымыздағы медицина саласының басшысы өз тарапынан ризашылығын білдіріп, алғыс хатын ұсынды. Ғимарат алдына керілген лентаны аудан әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаев пен медицина саласының ардагері Абдолла Ашимов қиды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521