Тәртіп сақшыларына құрмет

(0 Votes)

Қазақстан полициясы күніне орай аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырды.

 

Шараны жүргізушілер Д.Қаратаева мен Р. Мадиров өз қызметтерін абыроймен атқарған жерлестеріміз Хайыр Доспанов пен Мақсот Сүйнешовтердің есімдерін зор мақтанышпен атап, олардың еңбек жолынан қысқаша хабардар етті. Олардың ұрпақтарына Құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Көрермендер подполковник, майор шендерін алып, бүгінде құрметті демалысқа шыққан сала ардагерлерінің фотосуреттерін лед-экраннан тамашалады. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Хасанов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде уақытпен санаспай еңбек етіп, өз міндеттерін мінсіз атқарып жүрген қызметкерлерге аудан әкімі атынан ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің Алғыс хатымен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Бейбіт Қисметовті марапаттады. Онға жуық қызметкерге аудан әкімінің Алғыс хаты жарияланды.

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Биғамбаев мерекелік баяндама жасап, қазіргі таңда еңбегінің зейнетін көріп отырған бұрынғы әріптестеріне өзінің Құттықтау хатын ұсынды. Аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенгелді Мерханов «Милициядағы мінсіз қызметі үшін», «Кеңес милициясына 100 жыл» медальдарын сала ардагерлері Сырым Үмбетәлиев, Әбілқайыр Досқалиев, Киікбай Мусаев, Талғат Рапиғоллаұлы, Бақытжан Құрманғазиевтың өңірлеріне тақты. Сонымен қатар, облыстық ішкі істер департаментінің Алғыс хатымен Зарлыхан Ғұмаров, Асхат Мирасов, Ерғанат Батырғалиев сынды ардагерлерді ұлығылады. Батыр Мақсот Сүйнешовтің ұрпағы Мұхтар шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, тәртіп сақшыларына жемісті еңбек тіледі. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен полиция қызметкерлері бірлесіп әуезді әндерді шырқады.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521