Түлектерді жігерлендірді

(0 Votes)

Ақкөл жастары мектептің 11 сынып оқушыларымен кездесуге барды.

Түлектерді жігерлендіріп, оларды алда келе жатқан ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, сертификаттағы балына қарай қажетті мамандықты таңдауды ескертті. «Білгеніңнен не пайда, білгеніңді өзгеге үйретпесең» дегендей, ауыл жастары да осыдан 5-10 жыл бұрын аудан орталығынан ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнын тәмамдап, қазір сол көрген-білгендерін ізін басып келе жатқан кейінгі іні-қарындастарына жеткізді.

Ауылдан жеке бизнесімді ашып, туған жерін көркейтуге өз үлесін қосқысы келетін 11 сынып түлегі Темірғалиев Ғабиденге Ақкөл жастары Робин Шарманың «Лидер без титула» атты бизнес идея кітабын сыйға тартты.Еліміздің бюджетіне үлкен инвестиция салатын азамат бол депжылы лебіздерін білдірді.

Аңсаған aрмандарға тек адал еңбек пен тынымсыз ізденістің арқасында жетуге болатынын түсінген түлектер, алтын уақыттарын бөліп келген аға-апаларына алғыстарын айтып, ҰБТ алдында жігерленіп қалғандарын жеткізді.

Елеусін Ибрагимұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521