Түйткілді мәселелер талқыланды

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев Құрманғазы ауылдық округіндегі мемлекеттік мекемелерді аралауды жалғастырып, олардың жағдайымен танысып, проблемалық мәселелерінен хабардар болды.

Алдымен Кіші Кіресті ауылындағы жаяу жүргіншілер көпіріне барып, оның салыну сапасына көңіл бөлді. «Тухлое» өзенінің жағасында шашылып жатқан қоқыс қалдықтарын көріп, тез арада «Таза жағалау» акциясын ұйымдастыруды округ әкімі Мұрабек Мұғалімге тапсырды. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте болған Қайрат Талапұлы білім ошағының директоры Марат Ғилаевтан оларды не мәселе толғандыратынын сұрады. Өз кезегінде мектеп басшысы ғимарат қоршауды қажет ететінін, жазғы судың тапшылығынан есік алдына тал-теректер отырғызу қиынға соғатынын алға тартты. Сонымен қатар, мектеп 520 орынға арналғанымен бүгінде онда 700-дің үстінде оқушы білім алып жатқанына, материалдық-техникалық база толықтай жеткілікті екеніне тоқталды.

«Мерей» бөбекжай балабақшасына бас сұққан аудан басшысына оның меңгерушісі Жанаргүл Мұратова соңғы рет күрделі жөндеу 2016 жылы жүргізілгенін айтты. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие ошақтарының материалдық-техникалық базамен қамтылуы өте төмен деңгейде екенін қаперлеп, облыстық білім басқармасына бұл мәселені шешу үшін ұсыныс бергенін, шамамен 27 млн. теңге қаржы сұратқанын тілге тиек етті. Келесі кезекте ғасырдан астам тарихы бар Абай атындағы жалпы орта мектеппен танысқан аудан әкімі Қ.Нұртаев 1128 балаға арналған орында 839 шәкірт білім алып жатқанынан хабардар болды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева, мектеп директорының орынбасары Бақытгүл Өтегенова 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимарат бүгінде салаға қатысты соңғы өзгерістерге сәйкес жаңғыртуды қажет ететінін жеткізді. Аудан басшысы бұл бағыттағы ұсыныстарын өзінің орынбасары Жастілек Хасановқа дайындап әкелуді тапсырды.

Мақаланы толығырақ «Серпер» газетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521