Құтқару қызметі қалғымайды

(0 Votes)

Жайнаған жаз келіп, үлкен-кіші асыға күткен суға шомылу маусымы басталып кетті.

Бұл кезеңнің қызығымен қатар қауіп-қатерді де бүгіп жатқанын жақсы білеміз.

Тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісімен аудандағы суда құтқару бекеті айналысады. Дейтұрғанмен де шағын жасақ барлық елді мекендерді толықтай қамти алмайды. Жұмысымызға едәуір қиындығын келтіретін бірден-бір түйткілді тұс өңірімізде рұқсат етілген жағажайлардың, шомылу орындарының болмауы екенін қайталап айтып кеткіміз келеді. Жылдағы қалыптасқан жағдай бойынша Шора өзенінің, Бұзауслан, Самаркин өзекшелерінің асты қайраң, шөптесіні аздау тұстарын тұрғындар өз бетінше суға түсетін жер етіп алады. Осындай орындарды үнемі бақылауда ұстаймыз, мүмкіндігінше басқа да жерлерді қамтуға тырысамыз.

Суда құтқару қызметі шомылу маусымына дайындық шараларын ерте бастап, балалардың жазғы каникулға шығар уақытында мектептерде болды. Судағы қауіпсіздікті сақтау тақырыбына жоспар бойынша әңгімелер өткізіліп, жадынамалық буклеттер таратылды.

Ата-аналармен де насихзаттық жұмыстар жүргізілді, балаларының демалыс уақытын тиімді өткізу бағытында лагерлерге, түрлі спорттық секцияларға, үйірмелерге тартылуы айтылды. Шомылған кезде де үлкендердің қадағалауы болуы қажеттігі ескертілді. Ересектердің де қаперіне мас күйде суға түсуге болмайтындығы назарларына берілді.

Н.ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, БӨАЖҚЖ аудандық бөлімшесінің құтқарушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521