Сығырайған жарықтан жоғы жақсы

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бисенбай Рамазанов әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары мен алда тұрған міндеттер жайында тұрғындар алдында есеп берді.

Баяндамада көптеген атқарылған жұмыстар көрініс берген, бір атап өтерлігі өткен жылы екі бірдей инвестициялық жоба іске асқан. Жергілікті кәсіпкерлер темір жол арқылы тасымалданатын жүктерді тиеуге, түсіруге, сақтауға арналған екі темір жол тұйығын жабдықтап пайдалануға берген. Қазіргі уақытта толыққанды жұмыс жасап тұр, алдағы уақытта осындай тағы екі тұйық құрылысын салу қолға алынбақ. Жобалық құны 210 млн. теңгені құрайтын жабық түрдегі шағын спорт нысанының құрылысы басталды. Жұмысты жүргізуші «Горизонт-С» ЖШС құрылысты аяқтап жыл ішінде беретін болады. «Талап» керамзит блоктарын шығару зауыты өткен жылда 37 млн. 500 мың теңгенің өнімін шығарды. «Ерлан» керамикалық кірпіш зауыты 800 мың дана дайын өнім шығарып, 80 млн. теңге кіріс келтірді. Екі өндіріс орны 70 адамды тұрақты, 30 адамды маусымдық жұмыстармен қамтып отыр. 1 адам ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 7 пайыздық мөлшелемемен 6 млн. теңге несие алса, енді бір кәсіпкер жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 2 млн. теңге несие алып өз кәссібін ашты.

Пікір білдіруде зейнеткер Талғат Нұртазин: - Тұрғындардың өтініші негізінде «Қазпоштаның» банкоматы қойылған, бірақ та бірде ақшасы бітіп, бірде бұзылып дегендей сұранысымызды толық өтемей тұр. Мүмкіндігін қарастырып «Халық банкінің» банкоматымен ауыстырса деген ұсынысым бар. Бұл жалғыз Ақкөлге емес, Жаңаталап, Дыңғызыл ауылдық округі тұрғындарына да тиімді болар еді.

Ақкөл желілік өндірістік басқармасының құрылыс инженері Екпін Рамазанов ауыл әкімінің жұмысы қанағатанарлық екенін айтып, электр қуатының төмен болу салдарынан тұрмыстық құралдарды қоса алмай отырған тұрғындардың жанайқайын жеткізді.

Жастар белсендісі Елеусін Ибрагимов қазіргі уақытта Елбасының қатысуымен Астанада жастардың үлкен форумы өтіп жатқандығын айтып, тұрғыластарын Жастар жылына орай өз ауылдары үшін игілікті істер жасауға шақырды. Сондай-ақ, өскелең ұрпақ үшін ең қажетті спорт кешенінің белгіленген уақытта бітуін қадағалап, қозғау салып отыруды және шағын болса да демалыс саябағын ашуды әкімдерден сұрады.

А.Нәжімов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521