Әскери – патриоттық клубтардың арасында сайыс өтті

(0 Votes)

Сафон ауылы, Панкрашкин елді-мекенінде «Атамекен» өлкетану туристік жорығы аясында әскери-патриоттық клубтардың шатырлық лагері өткізілді.

Ең алдымен Құрманғазы аудандық оқушылар үйінің директоры М. Шекетасованың ұйымдастыруымен аудандық музейге жорық жасалынды.

Аталмыш лагерге Атырау қаласы, Индер, Мақат, Құрманғазы аудандарынан келген командалар қатысты. Шатырлық лагердің ашық салтанатына облыстық білім беру басқармасының Атырау аймақтық дене тәрбиесі мен спортты дамыту орталығының әдіскері А.Серік, Құрманғазы аудандық туризм бекетінің директоры А.Өтегенов, аудандық балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры Н.Өтегенов қатысты.

Алғашқы сөз Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаевқа беріліп, одан әрі оны Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ж.Жандарбекұлы «Біздің елдің қыздары» әнімен жалғастырды. Жоспар бойынша лагерь жұмыстарының жүру барысы таныстырылып өтті. Қатысушы командалар арасында спорттық бағдарлау, АКК-74-ті бөлшектеу және жинау, асық ату, арқан тарту, т.б. сайыстар өткізілді.

Тілекші Мертайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521