Шаруагерге қандай көмек бар

(0 Votes)

Келесі жылдан бастап мал басына берілетін субсидиялар, «Сыбаға» бағдарламасы тоқтатыла ма? Төрт түлікті өсіріп отырған шаруа қожалықтарына қандай қолдаулар қаралған? Осы және басқа да сұрақтарға жауап Құрманғазы ауданы әкімдігі мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатымен ұйымдастырған үлкен кездесуде айтылды.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров ашып, қатысушы шағын және орта бизнес өкілдерінен, шаруа қожалықтары мен несие серіктестігі басшыларынан туындап отырған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, толғантып жүрген сұрақтары болса ортаға салуын сұрады.

Кездесуге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ерлан Түктібаев, кеңесшісі Алмаз Мақсотов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Рахмет Жаңбыров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Нұргүл Шанаева қатысып түрлі бағдарламалар бойынша берілетін несиелер жайлы кеңінен түсінік беріп, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Толығырақ «Серпер» газетінің алдағы санынан оқисыздар.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521