Рейд барысында ірі көліктер тоқтатылды

(0 Votes)

Ақкөл ауылынан шығып, «Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар күре жолына қосылатын 9 шақырымдық асфальт жол 2011 жылы үлкен күшпен, тұрғындардың, аудан мен округ басшыларының басты мәселе етіп қайта-қайта көтеруінің нәтижесінде тақтайдай тегіс етіп салынған болатын.

Бұған дейін оған жаңбыр жауса жерінің сазы, батпағы шығып жататын, әрі өтуі қиын шұңқыры да көп еді. Екі араға қатынау мұң болған. Ал, Ақкөл ауылы аудан үшін стратегиялық маңызы зор елді мекен, тоғыз жолдың торабында орналасқан десек қателеспеспіз. Себебі оның үстімен темір жол өтеді. Барлық жүктер осындағы темір жол тұйықтарына түсіріліп, аудан орталығы мен округтерге тасылады. Енді, «Атырау-Астрахань» асфальт жолын салу басталғаннан бері Ақкөлге қатынайтын асфальт жолдың үстімен салмағы ауыр ірі көліктердің жүре бастауы тұрғындардың орынды алаңдаушылығын туғызды. Бұл жол ондай көліктерге арналмаған. Ауыл жастары оларды телефонға түсіріп әлеуметтік желіге салса, үлкендеріміз Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына хат жазып, шарасын алуды сұраған.

i

i

Осыған орай Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Аманжол Хабдешов құрамында бір топ қызметкерлері бар жылжымалы көліктік бақылау бекетімен ауданымызға келді. Ақкөл ауылымен екі арадағы асфальт жол үстінде ауыр жүк тиеген бірнеше «Шахман», «Маз» автокөліктері тоқтатылды. Олардың салмақтары арнайы көлік шегетін таразымен өлшенгенде үстіндегі жүгімен рұқсат етілмеген мөлшерді көрсетті. Демек, бұл жолмен жүруге оларға мүлдем болмайды. Осыған орай тараптарды тыңдап көрелік...

i

Бізбен әңгімесінде Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Аманжол Хабдешов: – Аудан тұрғындарының бізге жазған хаттары бойынша Құрманғазы ауданына келіп аудандық полиция бөлімімен бірге рейдтік шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Үш күннен бері осындамыз. Қазір ауыр салмақты көлік құралдары тоқтатылып, оларға Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-ші бабының 6-шы бөлігімен, тауар-жүк құжаты болмағаны үшін аталған баптың 2 бөлігінің 1 тармағымен әкімшілік хаттамалар толтырылуда. Айыппұл мекеменің ірі, шағын, орта кәсіпкерлік нысанының қайсысына жататынына және көліктің артық салмағына сай салынады.

i

i

Үш дөңгелекті автокөлік құралдарының салмағы 25 тоннадан аспауы тиіс, алайда тоқтатылған екі көлікті арнайы таразымен өлшегенімізде біріншісі 38, екіншісі 31 тонна болып тұр. Яғни біріншісі 10, екіншісі 5 тонна артық салмаққа асырылған. Мына жол мұндай көліктерге арналмағандықтан бір ай жүрсе пайдасыз етеді. Жалпы күн ыссыса бұл жермен жүретін көліктердің салмағы 8 тоннаға дейін шектеледі, - деп, одан әрі жүктерді 10 тонналық көліктермен тиісті мөлшерден асырмай тасуға болатынын айтты.

i

Қанат ҒҰМАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521