Президент: Жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс

(0 Votes)

ҚазАқпарат - «Жастар жылының» игілігін ең алдымен жастардың өздері көруі керек.

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы осы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жастармен қоғамдық-идеологиялық жұмыс жүргізу – өте маңызды міндет. Себебі жастар біздің болашағымыз. Сондықтан «Жастар жылының» игілігін ең алдымен жастардың өздері көруі керек», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс екенін қадап айтты.

«Олардың жолы болуы керек. Жақсы сапалы өмір сүру үшін мүмкіндіктер туғызуымыз қажет. Міне, Үкіметтің бастамалары ең алдымен осы міндеттерді назарға алуы тиіс. Бірақ мынаны ұмытпауымыз керек, ең басты міндет – «дайын асқа тік қасық» дегендей, жастарға бақытты өмірді жасап беру емес, оларға өз бақыттарын өздері тауып, мақсаттарына жетуге жағдай жасау өте маңызды. Келесі жыл «Жастар жылының» жалғасы ретінде «Волонтерлер жылы» болады. Жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажет. Бірақ олар бұл жұмысқа тек кредиттер мен оқудағы жеңілдіктер үшін емес, өздерінің жүрек қалауымен әрі шынайы ниетімен келуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521