Отбасы мәселесі қозғалды

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық мәдениет үйінде аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – шағын мемлекет: оның жетістіктері мен проблемалары» тақырыбында семинар өтті.

Оған аналар кеңесінің мүшелері, заңгерлер, кәсіби емес медиаторлар, құқық қорғау, денсаулық сақтау саласының өкілдері, психологтар және ауыл тұрғындары қатысты. Мақсаты – жастарды отбасылық өмірге дайындау, ажырасудың алдын алу, өнегелі жанұялардың ынтымақтастығын үлгі ету.

Семинарды ашып жүргізген аталмыш мәдениет үйінің әдіскері Жәннат Сидеғалиева алғашқы сөзді округ әкімі Бисенбай Рамазановқа ұсынды. Ол шараға сәттілік тілеп, аудан орталығынан келген қонақтармен таныстырды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова отбасының психологиялық анықтамасы және түрлерін атап өтуді Ақкөл жалпы орта мектебінің психологі Гүлжан Сахаевадан және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Салтанат Қисметовадан сұрады. Одан ары отбасы құндылықтары жөнінде сөз қозғалып, заңгер Ұлмекен Сапарова, аналар кеңесінің мүшелері Сәркен Нұрғожина, Жәннат Құрманғалиева, Орынша Құмарғалиева отбасында кездесетін проблемалар жөнінде ой өрбітті. Аудандық соттың судьясы Гүлсім Тасқынбаева биылғы жылы аудандық сотқа некені бұзуға 192 арыз келіп түскенінен хабардар етіп, күні бүгін 117 іс бойынша талап-арыз қанағаттандырылғанын алға тартты. Сонымен қатар, ажырасу себептері, оған көбіне ерлі-зайыпты тарапынан кім бастамашыл болатыны жөнінде айтып өтті. Аудандық емхананың дәрігері Саида Зұлхашева ерте жастан жүктілік, оның зардаптары, ана мен бала саулығына тоқталса, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Ғайни Карина тақырыпқа орай өз ойын білдірді. Аудандық, облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Кеңес Аймурзиев отбасындағы рухани құндылықтарды тілге тиек етті.

Семинар қорытындысымен барлық ауылдық округтерде «Жас отбасылар мектебін» құру, ауданда психологтардың арнайы орталығын ашу жөнінде ұсыныстар қабылданды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521