«Отан деп соққан жүрегі...»

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде осындай тақырыпта 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өткізілді.

Шара Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалуымен басталып, мерекелік баяндама Құрманғазы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Н.Мұрзақановқа берілді. Ол өз сөзінде 1992 жылғы 7 мамырда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың № 745 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасу кезеңіне тоқталып, бүгінгі таңда оның құрамында қызмет етіп жүрген офицер мамандардың, әскери оқу орындарындағы курсанттардың есімдерін мақтанышпен атады. Сондай-ақ, аудандық қорғаныс істері бөлімімен азаматтарды әскери қызметке дайындау, шақыру, түрлі мамандықтарға оқуға тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Келесі кезекте аудан әкімі Б.Шаяхметов бейбіт елдің тыныштығын қорғап жүрген ұландарды, Қарулы күштер ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бірқатар өз ісінің үздіктерін марапаттады. «Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл» мерекелік белгіні Қарулы күштердің запастағы ардагері Максим Бисембаевтың өңіріне қадап, куәлігін тапсырды.

Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің грамотасымен Ломоносов және Д.Нұрпейісова, С.Имашев атындағы жалпы орта мектептің бастапқы әскери дайындық жетекшілері Алпамыс Утаровты, Шыныбек Шәменовті, Амантай Масалимовты, аудандық әскерге шақырушыларды әскери-дәрігерлік комиссиядан өткізуші аудандық емхананың рентгенолог дәрігері Бейбіт Қанатовты, «Серпер» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы Қанат Ғұмаровты марапаттады.

Аудан әкімінің Алғыс хатын Құрманғазы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері Мұрат Қайырғалиевке, Жарқын Жамаловқа, Батырбек Ниғыметовке, 2016 әскери бөлімнің «Ганюшкино» шекара заставасының ефрейторы Ақмарал Ильясоваға, қатардағы жауынгер Нұрлан Балтабаевқа, Еңбекші және С.Мұқанов атындағы орта мектептің әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сәрсенбай Қадырәлиевке, Думан Есенғалиевке табыстады. Мерекелік шараның екінші бөлімінде Отардағы 40 әскери базасында өткен Отан қорғаушылар күніне арналған жауынгерлік шеру тамашаланды. Шеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 40 бірлік ұшу аппараты жұмылдырылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Шеруде алдымен аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлік туы табыс етіліп, қонақтар мен көрермендер алдында салтанатты маршпен 19 жаяу шеру тобы жүріп өтті. Сәлден соң қару-жарақтар мен әскери техникалардың қатысуымен барлау-әскери бөлімшелері шынайы тактикалық әрекеттерді көрсетті. Әскери шерудің соңында "Жетісу" ұшқыштық тобы ең жоғары пилотаж фигураларын орындады. Мұның бәрін тамашалау сахна төріндегі үлкен лед-экран арқылы мүмкін болды.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521