Қос қолым болса, ештеңе сұрамас едім...

(0 Votes)

Осыдан 16 жыл бұрын еңбек міндеттерімді атқаруым кезінде кездейсоқ оқиға орын алып, қос қолымнан айрылып (екі қолым иығымнан жоқ), физикалық тұрғыдан кемтарлыққа душар болып, I топ мүгедегі қатарына жатқызылдым.

2009 жылдың аяғында кінәлі тұрғыдан (жұмыс беруші және жауапкер) денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуді сұрап аудандық сотқа талап қойдым. Сот менің талаптарымды ішінара қанағаттандырып, жауапкерге санаториялық-курорттық ем алу және күтуші шығындарын өтеуді міндеттеу туралы Құрманғазы аудандық сот орындаушылар бөлімшесіне жіберді.

Алайда, 26 шілде 2010 жылғы сот шешімі мен 08.09.2010 жылғы Атқару парағы шыққаннан бергі, 8 - жылға жақын уақыт ішінде Құрманғазы аумақтық сот орындаушылар бөлімшесінің сот орындаушылары өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді дұрыс атқармай, сот шешімі орындалмай отыр. Осылайша «Мүгедектер құқықтары туралы» Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының (он үшінші сессиясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447(ХХХ) қарары) Декларациясының 2-ші тармағындағы Мүгедектер осы Декларацияда мазмұндалған барлық құқықтарды пайдалануға міндетті. Бірақ I топ мүгедегі мен Декларацияның 6-тармағындағы: Мүгедектер медициналық, психикалық немесе функционалдық емделуге, оның ішінде протездік және ортопедиялық аппараттарға, денсаулығын және қоғамдағы жағдайын қалпына келтіруге құқылы, - делінген құқымды пайдалана алмай, сот шешімі мен Атқару парағы шығарылған 2010-шы жылдан бері санаториялық-курорттық ем ала алмай, әділетке қол жеткізе алмай жүрмін. Кінәлі тұлға, борышкер маған әуелі шығындарың туралы бухгалтерлік-қаржылық құжаттарыңды (санаториялық-курорттық ем алғандығың жөнінде жолдаманың, теміржол және автомобиль жолаушылар тасымалы билеттері, тағы да басқа шығындар дәлелдемелерін) алып кел деп отыр.

Алайда маған «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру комплексі жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып қайтуға күтуші екеумізге санаториялық-курорттық жолдаманы, жол шығындарын есептегенде барлығы: 350 000 (үш жүз елу мың) теңге көлемінде қаржы қажет болуда. Борышкердің төлеп отырған жәрдемақысымен күнімді көріп отырған менде ондай қаржының болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерден, аудандық мәслихат депутаттарынан, шаруашылық басшыларынан, жалпы елжанды да қайырымды азаматтардан көрсетілген шамада (маған артық қаржының қажеті жоқ) ақша жинап берулерін сұраймын. Бұл бірінші айтпағым. Екіншіден: жоғарыдағыдай ретпен көмек болмағанның өзінде қаржылық жағдайлары жақсы азаматтардың, кәсіпкерлердің арасынан аталған көлемдегі қаржыны қарызға беретіндер табылып жатса, мен өз атымнан ол азаматқа нотариалды шандырылған қолхат бере отырып, санаториялық-курорттық ем алып келгеннен кейін ол қарызды жол шығыны құжаттарын тапсыру арқылы борышкерден алып, қолхатта айтылған мерзімде кері қайтаруды өзімнің міндетіме алатындығымды ( мен ол азаматтың ондай әрекеті мен сияқты кемтар азаматтарға көмек қолын ұсынғандығы деп түсінемін) осы мақала арқылы жариялы түрде шандырамын.

Егер жүрек мейірімі маған ниеттенген ел жақсылары табылған жағдайда менің 8 (71233) 3-75-94; 87782082480; 87713930594 санды қалалық және ұялы телефондарыма байланысуларына болады. Немесе менің нотариалды шандырып берген сенімхатым негізінде заңды мүдделерімді қорғаушы заңгерім, жеке кәсіпкер Жұмабеков Сайлаудың 8 (71233) 2-09-71 санды жұмыс, олай болмағанда 87014592492 санды ұялы байланыс телефонына хабарласуларын сұраймын.

Жұмажан ҚҰМАРОВ,

Теңіз ауылы тұрғыны, I топ мүгедегі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521