Қорын көбейту мақсатында

(0 Votes)

Аудан экономикасының шешуші салаларының бірі – балық шаруашылығы. Қыс келгенде табиғат пайдаланушылар айдындарда мұздарды оюмен айналысып, су маржанының ауа жетпей тұншығуының алдын алады.

Бұл жұмыс «Каспий таңы» ӨК лайықты жалғасын тауып, табиғи байлығымыздың молаюына өз үлестерін қосуда. 15 адамнан құрылған бригада мүшелері ойықтарды күн сайын «Мальцево», «Затон», «Панкрашкин», «Калмычек» учаскелерінен оюмен айналысады. Іс басында «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Темиров жұмыстың сапалы атқарылуын бақылайды. Сүймен, балта сияқты түрлі құралдарды пайдаланған жігіттер күні бүгінге дейін 25 үкі, 20 ойық ойып, бағалы балық-байлығымыздың су астында тұншығып қалмай еркін өсуіне тиімді жағдай туғызуда. Ойықтарға байқаусызда адам, жан-жануар түсіп кетпеуі үшін 25 дана бауланған қамыс сұғылып, айналасы қоршалды.

Аталған өндірістік кооператив мүшелері жаз кезінде шабақ құтқаруда да белсенділік танытып келеді. Шағын көлшіктерде бөлініп қалған мыңдаған шабақтарды арнаға қосып, балық қорының көбеюіне атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытуда.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521